Былтырғы жылы республикалық «Табиғатты аяла» жобалар байқауының «Туған өлкені зерттейміз» аталымы бойынша республикалық байқауға қатысқан болатынмын. Бұл байқау өлкеміздің құнды жауһарларын іздеп оның тарихын, маңызын түсіндіруді қажет етеді.
Осы себепті де ауданымыздың тарихи-мәдени ескерткіштерін, орындарын іздестіріп, материалдар дайындауым қажет болды. Соның ішінде бірі де бірегейі «Таскран» ескерткіші туралы мәліметтерді іздестіру қиынға соққаны рас.
Аудан орталығы Аққыстаудан батысқа қарай 2 км жерде архитектуралық ескерткіш – Таскран шекаралық мұнарасы бар. 1870 жылдардың басында сабан тас пен қамыстан тұрғызылған. Орал өңірі өз алдына облыс болып Орынбор губерниясынан бөлініп, Астрахан губерниясына берілгенде, екі губернияның арасын бөліп тұрған шекарадағы белгі болған. Оның Теңізге тірелетін жерінде биік тастан белгі орнатылған. Ол теңіздегі балықшыларға бағдар болған...
Материалдың толық нұсқасын газетіміздің 7 наурыз күнгі санынан оқи аласыздар