Президенттің Жолдауында көтерілген маңызды мәселелердің бірі – тау-кен металлургия саласын дамыту. Бұл саланың ел экономикасындағы орны ерекше. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 8 пайызды құрайды, бұл – өте маңызды көрсеткіш. Тау-кен және металлургия кешені – Қазақстанның индустриялық әлеуетін айқындайтын, экспорттық табыс пен инвестициялық тартымдылықты арттыратын негізгі салалардың бірі.
Бүгінде еліміз үшін әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болудың басты жолы – өндірісті жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу. Бұл металлургия саласына да тікелей қатысты. Жоғары технологиялар арқылы өндіріс тиімділігін арттырып, экологиялық қауіпсіздікті де қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар, бұл салада жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіби мамандарға деген сұраныс артады. Бұл ауыл-аймақтардағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға да әсер етеді.
Тау-кен металлургиясын қолдау – Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін нығайту, табиғи байлықтарды тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану, сондай-ақ индустриялық-инновациялық дамудың алғышарты. Мемлекет тарапынан бұл салаға стратегиялық тұрғыда көңіл бөлінуі – уақыт талабы.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылының әкімі