«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясын алдағы уақытта да ерекше назарда ұстайтынын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бастаманың мән-маңызы зор, өйткені ол қоғамда үнемшілдік пен ақпейілділікті қалыптастырып, даңғазалықтан арылуға, үнемі ізденіп, алға ұмтылуға үндейді.

Аталған акция әрбір азаматты ортақ жауапкершілікті сезінуге, елге жанашырлық танытып, қайырымдылық жасауға шақырады. Бұл – бір реттік шара емес, қоғамның өмір салтына айналуға тиіс маңызды құндылық.

Сонымен қатар Президенттің бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Бұл шешім «Таза Қазақстан» идеясымен толық үндесіп, еріктілік қозғалысын дамытуға жаңа серпін бермек.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта да экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық белсенділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті. Тазалық – қоршаған ортадан бұрын әр адамның ойы мен ісінен басталатынын жеткізді.

 

Сағыныш Сайлаубайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT