«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТАЗА АУЫЛДАН БАСТАЛАДЫ!

сурет ғаламтордан

 

2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бұл акция ауыл тұрғындарын тазалыққа шақырып, елді мекендерді жасыл желекке айналдыруға, табиғатты аялауға және экологияны жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба.

«Таза Қазақстан» жобасы аясында ауылдағы абаттандырылған аулалардың саны артты. Көктем және күз айларында ауыл тұрғындары, өнеркәсіп жұмысшылары, кәсіпкерлік нысандары мен мемлекеттік мекемелер сенбілікке шығуды дәстүрге айналдырды. Аққыстау ауылында өткен сенбіліктерге 30 мекеме мен кәсіпорыннан 210 қызметкер қатысты. Мемлекеттік қызметшілер, мектептер мен балабақша ұжымдары ұйымшылдық танытып, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. Әр сенбілікте арнайы техникамен қоқыс жиналып, белгіленген орындарға шығарылды.

Туған жеріміздің тазалығы – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортамызды көгалдандырып, абаттандыруға үлес қосайық. Ауламызды таза ұстап, қоқысты арнайы орындарға шығару – біздің ортақ міндетіміз. Сенбіліктерге белсене қатысып, ауылымыздың көркеюіне атсалысайық. Табиғатты аялау – болашақ ұрпаққа жасалған игі іс!

 

 Ғаділ БОРАНБАЕВ,

Аққыстау ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT