"Тазалығы төмен ауылмыз". Аққыстаудың әкімі есеп берді

Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев есебін өзге әкімдерден өзгешелеу берді.

Олай дейтініміз, округ әкімі әдеттегідей мінберге шығып, зырылдатып баяндама оқып шыққан жоқ. Көрсеткіштерді арнайы дайындалған слайд арқылы ұсынып, жасалған жұмыстарды сабақ түсіндірген мұғалімдей, тік тұрып, қағазға қарамастан, тәптіштеп тізіп шығу аудан орталығын басқаратын әкімнің ғана қолынан келді.

Аудан орталығы болғандықтан, бұндағы атқарылған қызметтер тұрғындар назарында. Пайдалануға берілген ғимараттар, құрылысы басталған нысандар, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, басқа да салалар бойынша жасалған жұмыстар сараланған жиында кейбір мәселелер де айтылмай қалмады. 

gadil-esepb

- Контeйнерлер қойылса, тазалық сақтаймыз деген тұрғындар ол мәселені шешсек те, бұрынғы қалпынан өзгерер емес. Тұтас ауылды тазалап шығуға ауылдық округ әкімі аппаратының әлі жетпейді ғой. Тұрғындарымыз осыған мән берсе дейміз. Жасыратын несі бар, ауылдардың ішіндегі тазалық жағынан соңғы қатарда тұрмыз. Қолдан келген жағдайды жасап жатырмыз, сіздер де қолдау білдіріңіздер, - деген ауыл әкімі өткен жылғы ұсыныс-пікірлердің жүзеге асқандары мен енді қолға алынып жатқандарын да атап өтті. Аудан орталығына жайылатын сиырдың мәселесі - бір бөлек әңгіме. "Малыңды ал деп" шаршаған округ әкімі тіпті, "тәртіп бұзған" мүйізді ірі қараларды "абақтыға" қамап та көрген. "Әзірге орталықта сиыр көрінбейді. Бәлкім талдан жапырақ кеткен соң, мал да сиреген шығар. Ертең көктем келе көреміз" дейді ауыл әкімі.

es-aqq 

Аққыстауда әжетхана салу да көтеріліп жүрген мәселе екенін айтқан Ғаділ Боранбаев оған ыңғайлы жер қарастырылып тұрғанымен, қолға алғысы келетін кәсіпкердің табылмай жатқанын жеткізді.

aqqs-es

Тұрғындар көше жарығы, қаңғыбас ит-мысықтарды ату, құрылыс сапасы төңірегінде сауалдар жолдады. Округ басшысы мен сала мамандары қойылған сұрақтарға жауап берген соң аудан әкімі Марат Мурзиев сөз сөйлеп, жиынды қорытындылады. Аудан әкімінің жыл бойына атқарылған жұмыстары жөнінде есептік мақаласы газетіміздің бүгінгі санында жарияланды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21