Тазалық жұмыстарына – жаңа тракторлар

Исатай аудан әкімі ауылдық округтерге жаңа Беларус-920 тракторының кілтін табыс етті. Бұл техниканың қажеттілігі ауылдың санитарлық тазалығын қамтамасыз етіп, күзгі-қысқы кезеңге дайындық және қар күреу жұмыстары үшін 4 жаңа трактор тіркемесімен бірге сатып алынды. Әрқайсының құны 22млн теңгені құрайтын жаңа трактор Зинеден, Исатай, Нарын, Жанбай ауылдық округтеріне берілді.

-Ауыл тазалығы – басты назарда.Осы орайда бізге берілген 4 трактор Беларус-920 облыстық бюджеттен қаржы бөлініп,сатып алынды.Барлығының құны 88млн теңгені құрайды.Бұл 4 ауылға қар күреуге және санитарлық жұмыстар жүргізу үшін алынған техника,-дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерболат Махашов.

-Аудан әкімінің қолдауымен қазіргі мезгілде 4 ауылдық округтерге жаңа трактор тіркемесімен берілді.Бұның өзі округтердегі атқарар үлкен жұмыстарға қолдау деп білемін.Сондықтан тракторлардың қазіргі мезгілде ауылдарға өте қажет.Осындай мүмкіндіктер жасап жатқан аудан әкіміне Нарын ауылдық округінің атынан ризашылығымды білдіремін,-дейді бізбен тілдескен Нарын ауылдық округ әкімі Асқар Әбуов.

Айта кетейік, дәл осындай трактор өткен жылы Тұщықұдық ауылына да сатып алынды.Сонымен қоса, Аққыстау және Қамысқала  ауылдық округтерінің тракторлары күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылған болатын.

                                                                                                                                                   

                                                                                                                                                                    Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521