Қарапайым халықтың өз құқығын жете пайдаланбайтындығы жасырын емес. Көп ретте бұл тұрғындардың еліміздің заңдары мен ережелерін білмейтіндігінің салдарынан болады.
Денсаулық сақтау саласының бағдарламалары мен ережелерін көпшіліктің пайдаланып, біле бермейтіндігі өкінішті-ақ.
Дегенмен, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілгеннен кейін медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарды.
Осы мақсатта, таяуда ғана Исатай аудандық аурухананың мәжіліс залында «Sizge Dari Darmek» жобасы аясында облыстық «Заманауи» қоғамдық қорының төрағасы Асман Аманжолұлы дәрігерлермен кездесу өткізді.
Шара барысында Исатай аудандық аурухана басшысы Бекболат Қуанышев алғы сөз кезегін алды. Аталған кездесуге қоғам белсенділері де қатысты.
Жиын барысында аурухананың дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуі бойынша мәселелер қозғалып, ортақ талқыға түсті.
Дөңгелек үстелді жүргізудің тізгінін алған Асман Аманжолұлы тегін дәрі дәрмек пен медициналық преператтардың қолжетімділігі,онымен қамту мәселесі,тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатын науқастар арасында мониторинг жүргізу, "Damumed" мобильді қосымшасымен жұмыс жасау сияқты мәселелерді сөз етті. Сондай-ақ, қоғамдық қор төрағасы қазіргі таңдағы тегін дәрі-дәрмектің жәйі Үкімет палатасында да негізгі тақырып ретінде қаралып жатқанын да айта өтті.
Осылайша тың әрі өзекті төңірегіндегі талқыланған тақырыптарға аудандық аурухананың дәрігерлері, медбике қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп,тегін дәрі-дәрмекпен қамтудағы кездесетін түрлі келеңсіздіктерді сөз етті.
Сағыныш ҚАЙЫР