Президенттің Жолдауында айтылғандай, қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекеттерде даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуы тиіс.
Қазіргі жаһандану дәуірінде қалалар экономиканың қозғаушы күші болып табылады, сондықтан Алатау қаласын іскерлік және технологиялық хаб ретінде дамыту – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл тек инвестицияларды тартуға ғана емес, сонымен қатар жас кәсіпкерлер мен инновациялық жобаларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Қаланың инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуеті дамып, еліміздегі технологиялық саланың алдыңғы шебінде болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл аймақтың экономикалық дамуы елдің жалпы өркендеуіне оң әсерін тигізеді деп есептеймін.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі