Теміржол көшесінің тұрғындары жеңістің тұғырына көтерілді

Исатай ауылында ауылдық округ аппаратының ұйымдастыруымен волейболдан көшеаралық жарыс өтті.

Алдымен жарыстың ашылу салтанаты өтіп, ауыл әкімі Аслан Жарылғасұлы жарыстың негізі мақсатына тоқталды.

- Ең басты мақсатымыз – ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау болып табылады. Көшералық жарыс болғандықтан, ойынға қатысушылардың жасына ешқандай шектеу болмады. Міне, ойынға қатысуға ниет білдірген 8 команда бүгін өзара сынға түсіп, үздік команданы анықтайтын болады. Барлық қатысушылар сәттілік тілеймін. Тартысты ойын өрнегін көрсетерсіздер деген сенімдемін, - деді өз сөзінде ауыл әкімі.

292437227_1189199325265956_4314945213538660818_n

Бұдан соң, алғашқы кездесулер басталып, ауыл тұрғындары алаң маңына жиылды. Күні бойына өткен жарыстың нәтижесінде, өз шеберліктерімен танылған Теміржол көшесіндегі 22-үйліктің тұрғындарынан құралған команда жеңімпаз атанды. Құрмет Шамахов және Өтешқали Ихсанов көшелерінің біріккен командасы ІІ орынға жайғасса, үздік үштікті Ақтөбе көшесінің командасы түйіндеді.

293492053_1189043288614893_5112908495937189909_n

293849575_1189042225281666_1666112746056932213_n-1

Сондай-ақ Талғат Дабисов «Ардагер ойыншы», Саламат Меңдіғазиев «Үздік доп реттеуші», Жомарт Кенесов «Үздік доп алушы», Олжас Ислямов «Үздік ойыншы» номинацияларына лайықты деп танылды. Жарыстың қорытынды бөлімінде ауыл әкімі белсенділікпен қатысқан барлық командаларға алғысын жеткізіп, жарыстың жеңімпаз командасына қой малы және жүлдегер қос командаға естелік сыйлықтар табыстады.

Тартыстың ойынның өтуіне қаржылай қолдау көрсеткен «Атырау жолдары» ЖШС екенін де айта кеткен жөн.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521