Ауданымыздың үстінен "Атырау-Астрахан" теміржолы өтіп жатыр. Осы күрежол арқылы экономикамыз даму үстінде. Оған Аққыстау теміржол стансасының қосып келе жатқан үлесі аз емес.
Осыны жете түсінген теміржолшылар референдум учаскесіне ұжымдарымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
- Референдум демократиялық дамудың бір көрінісі. "Келісіп пішкен тон келте болмас" демекші, референдумды халықпен бірлесе отырып шешу дұрыс ойластырылған шешім деп ойлаймыз. Ендеше, бізде елмен бірге болуды қаладық,- дейді бір топ теміржолшылар.