Тіркеуден өткен кандидаттар кімдер?

Қазанның 20-сына дейін Орталық сайлау комиссиясы 6 кандидатты тіркеген.

Олардың қатарында халықтық коалиция атынан ұсынылған, бірнеше саяси партия мен қоғамдық бірлестіктің қолдауына ие болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ауыл партиясы» атынан Қазақстан фермерлер одағының президенті, агроном ғалым Жигули Дайрабаев, «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығының атынан ұсынылған Мейрам Қажыкен, кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан ұсынылған Президент жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Президент жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Тұрсынбекова және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ұсынылған астаналық филиалдың жетекшісі, оппозиция өкілі Нұрлан Әуесбаев бар.

 

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521