Тіршіліктің нәрі– ауыз су қашан да өзекті

https://osken-onir.kz/

Тіршілік ету үшін ауыз су мәселесі әрқашан да өзекті. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, жер шарының 74 пайызын су алып жатыр. Соған қарамастан, бүкіл әлемде су тапшылығы бар. Тапшылықтың алдын алу үшін елімізде қаншама жобалар жасақталған. Десе де суды үнемді пайдалану, табиғатты таза ұстау сияқты қарапайым қағидаларды дұрыс ұстанып, тіршілік нәрін қауіптен сақтауға жұмыла жұмыстану қажет.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мәліметтеріне көз жүгіртсек, жалпы әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығынан зардап шегеді екен. Осы тұрғыда сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Ал, 1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру екені де жасырын емес. Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан, соның салдарынан болатын антисанитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Оның көбі – балалар. Иә, тіршіліктің нәрі су арқылы біз көптеген мәселелерге душар боламыз. Сондықтан ауыз су жалпы суды үндемді пайдалану кім кімге де парыз.

 

Индустрия және инфрақұры­лымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2025 жылға қа­рай мемлекет халықты сумен жаб­дықтау қызметтерімен 100% қам­тамасыз етуге тиіс. Бұл – 2020-2025 жылдарға арналған «Нұр­лы жер» мемлекеттік бағ­дар­­­­лама­сы бағыттарының бі­рі. Біздің Атырау облысында қала халқының 100%-ы ор­талықтандырылған сумен қам­тамасыз етілген. Дегенмен тұщы су мәселесі күнтәртібіндегі мәселеден түспеген емес.

Осы тұрғыда Аққыстау ауылының тұрғыны Нұргүл Қаржауовамен де тілдескен едік.

– Иә, расында да болашағымызды ойласақ ауыз су соның ішінде тұщы су қажеттілігі қашан да жоғары. Өз басым суды үндемді жұмсау туралы отбасыма үнемі айтып әрі қадағалап отырамын. Ауылымызда су жүріп тұрғанымен кейде тоқтап, енді бірде судың жүру күші бәсеңдеп қалатыны да бар. Оған қоса осындай аязды қыста су құбыры қатып қала ма деп те алаңдаймын. Сондықтан су мәселесін қадағалап, арнайы мамандар уақытында тиімді жұмыс атқарса деймін,-деді ол.

Иә, Нұргүл Қаржауова секілді судың болашағына алаңдар тұрғындар аз емес. Уайым да орынды. Осы мәселені көтеріп, арнайы мамандар жөнді жұмыс атқарады деген сенімдеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521