Исатай ауданындағы Аққыстау ауылдық округі Томан елді мекенінде штаттық режимде 33 оқушы білім алып жатыр. Олар 1-4 сынып оқушылары, деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
- Қазіргі таңда жалпы білім беретін Томан бастауыш мектебінде штаттық режимде 1-4 сыныптарда 33 бала келіп отыр. Қазіргі қашықтан оқыту жағдайына оқушыларға барлық жағдай жасалуда. Біз осыған дейін «Қазақтелеком» АҚ арқылы интернетті өте төмен жылдамдықпен алып отыр едік. Қазір «Қазтранстелекоммен» келісімшартқа отырдық, - деген Томан бастауыш мектебінің меңгерушісі Жанаргүл Жанғалиева енді бұл мәселенің оң шешім табатынын айтты.
{ytvideo https://youtu.be/njka4y3j0nY|16:9}


