Томан елді мекенінің тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін Исатай аудандық мәслихат депутаты Н.Мусиннің бастамасымен құрылған арнайы топ мүшелері Аққыстау ауылдық округіне қарасты Томан елді мекенінде болып, жергілікті тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Топ құрамында Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғ.Боранбаев, аудандық мәслихаттың депутаты Н.Мусин, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Бекмұхамбет, аудандық жұмыспен қамту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Хайрошова және жеке нотариус Б.Социалов болды.

dsc_0103

Қабылдау барысында жергілікті тұрғындар өз сұрақтарын жолдап, бірқатар мәселелерге байланысты мамандар тарапынан кеңінен ақпарат берілді. Тұрғындардың басым бөлігінің көкейкесті мәселесі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Бекмұхамбетке жолданды. Тұрғын үй мәселесіне қатысты өз сауалын жолдаған жергілікті тұрғынның бірі Дәулетбаева Толқын. Ауыл тұрғыны екі қабатты корпус үйде салынған жапсаржайды заңдастыру жөніндегі сауалын жеткізді. Өз кезегінде аталған бөлім басшысы Д.Бекмұхамбет бұл мәселенің шешімі күрделі екендігін тілге тиек етті.

dsc_0086

- Біріншіден аталған үйде қазіргі кезде басқару органы құрылмаған. Екіншіден оны заңдастыру үшін техникалық зерделеу жүргізу керек. Техникалық зерделеудің нәтижесінде берілетін қорытындының негізінде жобалық сметалық құжаттама жасақталу міндеттеледі. Одан әрі тәуелсіз сараптамадан өткізіп, оның қорытындысы алған кейін Атырау облыстық мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасына құрылыс монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама беруі қажет. Осы талаптар сақталған жағдайда ғана өз бетінше салынған жапсаржайды заңдастыру мүмкіндігі болады, - дейді бөлім басшысы.

dsc_0088

Нотариус маманының қызметіне жүгінгендердің бірі жергілікті зейнеткер Шәкір Оспанұлы. Күні бүгінге дейін аудан орталығында бір ғана нотариус маманының болуына байланысты, әр барған жолы кезектің көп болғандығынан өз мәселесінің шешімін таба алмай келе жатқанын сөз еткен ақсақал бүгінгі Томан елді мекеніне арнайы келген топ құрамында нотариус маманның болғанына ризашылығын білдірді.

dsc_0072

- Күні бүгінге дейін аудан орталығында бір ғана нотариустың болуына байланысты әр барған сайын кезектің көптігінен шаруамыз өз шешімін таппайтын. Бүгінгі арнайы топ құрамындағы нотариус маманның көмегіне жүгіну арқылы өз мәселеміздің жағдайын толықтай білдік. Біз секілді аудан орталығынан қашықтықта тұратын елді мекен тұрғындары үшін осындай қолайлы жағдай жасалып тұрса игі еді, - дейді маманның қызметіне риза болған ауыл ақсақалы.

dsc_0077

Сондай-ақ кездесу барысында жергілікті тұрғындар елді мекендегі су мәселесі, электр қуаты, жаңадан бой көтерер құрылыс нысандарына қатысты сұрақтар қойып, Аққыстау ауылдық округі әкімі Ғ.Боранбаевтың мәселеге қатысты жауаптарына қанықты.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521