Томанда электр желілері жаңартылуда

Соңғы жылдары ауданымыздың аумағындағы Аққыстау ауылдық округіне қарасты  №17 теміржол бекетінде орын тепкен Томан ауылында электр желілері үзіліп, жарықтың сөнуі жиілеп кеткен болатын. Бұл жоғарыда аталған округтің көптен бергі шешімін таба алмай жүрген ең өзекті мәселелердің бірі еді.

Себебі, бұдан бұрын Томан ауылына 1970 жылы жүргізілген электр желілері әбден тозығы жетіп, ескірген еді. Осы мәселені шешу үшін жақында аудан әкімі Полымбет Хасанов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрым Мусин және ауылдық округ басшысы Ғаділ Боранбаев және басқа да жауапты тұлғалар аталған теміржол бекетіне барып, жергілікті тұрғындарды көптен толғандырып жүрген мәселелердің неге жүзеге аспай жатқаны жайында тәптіштеп түсіндіріп берді. Олардың айтуынша, қазір Х. Ерғалиев ауылының подстанциясынан Томан ауылына дейін 30 шақырымды құрайтын 10 кваттық электр желісі жұмыстары басталып кеткенін, осыған байланысты жобаға түзету жұмыстары  енгізілуде екен. Осы түзетулер аяқталғаннан кейін құрылыс жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болады. Сонымен бірге аудандық әкімдік пен Томан ауылішілік электр желілерін жаңарту және көше жарықтарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасақталып, биылғы мамыр айында құрылыс жұмыстары қолға алыныпты.

Бұрынғы трансформатор ескіргендіктен, жел соқса немесе ауа райы бұзылса, жарық жиі сөніп қала беретін. Енді ауылдың көшелеріне шам қондырылатын болды. Сондай-ақ,  ауылдың ішіндегі барлық электр  бағаналары жаңартылып жатыр. Осылайша томандықтардың енді аз ғана уақыттан кейін жарықсыз отыратын күндері артта қалатын болады.

-Осы жұмыстардың сапалы әрі тезірек аяқталуына атсалысып жүрген аудан әкімі П. Хасановқа, Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғ. Боранбаевқа, аудандық мәслихат төрағасы Н. Мусинге, депутат А. Жұмабекұлына айтар алғысымыз шексіз,- дейді томандық ауыл тұрғындары бірауыздан.   

                                                                                                                                                                                                 

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521