Томандағы қайырымдылық жәрмеңкесі

Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі.

Мектепте, ол тәрбиелік шаралар негізінде жүзеге асады. Өткен аптада Томан бастауыш мектебінде «Мектепке жол» акциясы шеңберінде, «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» он күндігіне орай «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкені жандандыра түскен ұстаздар мен ата-аналар тұрмыстық бұйымдар мен әртүрлі дәмді тағамдар пісіріп сатып, жәрмеңкеге өз үлестерін қосты.

2

Сатылған тауарлардан түскен қаржы, қамқоршылық кеңесі шешіміне сай аз қамтылған оқушыларды шығармашылық бағытта дамыту үшін: мольберт, бояулар, т.с.с керекті құралдар алуға жұмсалады. Ол жыл сайын мектептің дәстүріне айналып келе жатқан іс және балалар үшін өмірлік азық болатындай ой қалдыратын жақсы амалдардың бірі. 

Орыстың ойшылы Ф.Достоевский: «Адам бойындағы бағалауға лайық болатын қасиет ақыл емес, сол ақылды басқаратын адами  қасиеттер: жүрек, мейірімділік, таза ой, мінез» деген еді.

Ал, оны біз өрнектелген сөздермен емес, оқушылардың санасына ісімізбен үлгі болу арқылы ғана дарыта аламыз.

a

Ұрпақтың бойында осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған рухани шаралар мектепте жиі өтеді. Осындай игі шараларға үлес қосып жүретін ұлағатты ұстаздар бар жерде, еліміздің ертеңі жарқын! Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыруға ұйытқы болған ата-аналарға, ұстаздар қауымына, оқушыларға айтар алғысымыз шексіз!

Осындай жастарды жақсылық жасауға баулитын, әрдайым риясыз көмек қолын созуға үйрететін рухани шаралар жиі ұйымдастырылса да артық болмайды, керісінше, жастардың жақсы амалдар жасауларына септігін тигізеді деп сенеміз. 

Бекзада ТЕМИРОВА,

Томан бастауыш мектебі директорының міндетін атқарушы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT