Томандағы спорттық жарыстар Тәуелсіздіктің тойына арналды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынып жатқан мәдени шаралар қатары жиіледі.

Соның тағы бір айтулы көрінісі ретінде бүгін Томан елді мекенінде «Тәуелсіздікке мың тағзым» атты мәдени-көпшілік шаралар аясында ауыл жастарының қатысуымен спорттық ойындардан жарыс өтті. Жарысқа аудан орталығынан Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғ.Боранбаев, аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Бегисинов, аудандық мәслихаттың депутаты Н.Мусиндер келді. Мерейлі шара – Тәуелсіздік тойына орай қолға алынған спорттық ойындар округ әкімі Ғ.Боранбаевтың құттықтау сөзімен ашылды.

1575c2d2-98ef-4026-b114-f29153ff96ae

- Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл - ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Бүгінде еліміздің әр өңірінде Тәуелсіздіктің 30 жылдық тойы кең көлемде аталып өтілуде. Айтулы мереке аясындағы игі шаралар легі Томан елді мекенінде де қолға алынды. Соның дәлелі ретінде бүгін ауыл жастары арасында спорттық ойындардан жарыс басталғалы тұр. Жанкүйерлер көңілінен шығады деген сенімдемін. Жарысқа қатысушы спортшыларымызға сәттілік тілеймін, - деді спорттық жарысқа арнайы келген округ әкімі Ғ.Боранбаев.

f

6

Спорттық ойындар кіші аяқ доптан басталды. Оған ауыл жастарынан құралған 3 команда қатысып, өзара үздік ойын өрнегін көрсетті. Алдымен шаршы алаңда «Томан жастары» және «Томан ұландары» командалары кездесті. Ойын барысында есеп көзін алғашқы болып «Томан жастары» ашты. Жеңісті қолдан оңай бергісі келмеген қос команданың тартысты ойының нәтижесінде, 7:4 есеп көрсеткішімен «Томан жастары» алға суырылып шықты. Алғашқы ойында жеңіліс тапқан «Томан ұландары» одан әрі «Бейбіт» командасымен шаршы алаңда жолықты. Қанша тырысып бақса да, «Томан ұландары» командасы екінші кездесуде де қарсыластарына 3:5 есебімен есе жіберіп алды. Финалдық ойында «Томан жастары» және «Бейбіт» командалары ойынның бас жүлдесін сарапқа салды. Шаршы алаңды қоршай топталған томандық жанкүйерлердің де күткені осы сәт болса керек. «Алға, Томан жастары», «Алға, Бейбіт» деп дауыстаған ұрандар алаңның сыртынан естіле бастады. 4:2 есебімен аяқталған финалдық ойын «Бейбіт» командасының пайдасына шешілді. ІІ орынды  «Томан жастары» иеленсе, «Томан ұландары»  ІІІ орынды қанағат тұтты.

_

_

Спорттық ойындар одан әрі «арқан тартысқа» ұласты. Білектің күші сыналған спорттық ойындардың бұл түрі де қызу тартысқа толы болды. Жасыл алаңда арқан тартысқандардың күш-жігері мен қайраты тасыған кіл мықтылар екені байқалып-ақ тұрды. Томандық жанкүйерлер тарапынан арқан тартыста бақ сынаған командаларға деген құрмет те ерекше болды. Ойын қорытысында «Томан ұландары» командасы І орынға ие болса, «Томан жастары» командасы да осал еместіктерін дәлелдеп, ІІ орынға қол жеткізді. ІІІ орын «Бейбіт» командасына бұйырды.

a

_

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық ойындардың соңы «белтемірге тартылумен» жалғасын тапты. «Белтемірге тартылу» жарысының да деңгейі жоғары, бәсі биік болды. Спорттық ойындардың бұл кезеңінде Нұрбол Салауатовтың бабы мен бағы қатар жүріп, ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Жүлделі ІІ орынның қатарынан Бейбіт Өтешов көрінсе, ІІІ орынның жүлдесінен Нұрбай Иманғалиев танылды.

_

_

_

Жарыс соңында жеңімпаз және жүлдегер командалар жарыстың кубогын, естелік сыйлықтарын иеленіп, жүлделі дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ ауылдың «Иманғалиев» және «Асланбек» жеке кәсіпкерлері атынан жарысқа қатысушы спортшыларға ақшалай сертификаттар берілді.

_

Айта кетейік, бүгінгі спорттық жарыс аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімі мен Томан елді мекені тұрғындарының бірлесе ұйымдастыруымен қолға алынды. Ауыл кәсіпкерлерінің де спорттық жарыстарға қолдау білдіргенін айта кеткен жөн.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521