Томан елді мекеніне қарасты №141 сайлау учаскесінде де сайлау қызу жүруде. Мұнда 194 дауыс беруші тіркелген.
Аталмыш сайлау комиссиясының төрағасы Бекзада Амангелдиеваның айтуынша сайлаушылар арасында жастар белсенділік танытуда.
–Иә мұндай саяси науқанда жастардың атүсті қарамай, өз таңдауларын жасауы игі іс. Жастар елдің келешегі десек, олардың таңдауы біз үшін аса маңызды. Сайлау қарқынды түрде жүруде,-деді Бекзада Амангелдиева.