Томандықтар таңдау жасауға асық

 

Бүгінгі саяси науқан – ауыл болашағын айқындайтын маңызды сәт. Аққыстау ауылдық округіне қарасты Томан елді мекенінің тұрғындары бұл жауапты кезеңде белсенділік танытып отыр,-деп хабарлайды «Нарын таңы» газеті.

Ауыл клубында орналасқан №141 сайлау учаскесінде жалпы 179 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскесінің төрағасы Бекзада Темірова берген мәліметке сүйенсек, бұл учаскеде мүгедектігі бар азаматтар жоқ. Ал үйден дауыс беруге өтініш білдірген үш тұрғынның таңдауы арнайы комиссия арқылы қабылданды.

–Томандықтар сайлауға белсенді қатысуда. Әсіресе, жұмысшы мамандық иелері мен ауыл ардагерлерінің азаматтық ұстанымы қуантады,-дейді төраға.

Ауыл әкімдігіне үміткер үш кандидаттың ішінен кімнің көш бастайтыны кешкі сағат 20:00-де белгілі болады. Тұрғындардың бүгінгі таңдауы ауылдың ертеңгі даму бағытын айқындайды.

 

Ж.ИСЛАТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT