Төмен баға - жәрмеңкеде

Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен Аққыстау теміржол ғимараты алдында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

qurt2204-min

Оған біздің аудан шаруа қожалықтары мен көрші Махамбет ауданы және Батыс Қазақстан облысынан келген кәсіпкерлер қатысты. Жәрмеңкеде картоп 160-180 теңге, жуа 90-100 теңге, қызылша 110-130 теңге, сәбіз 110-130 теңге, қырыққабат 90-110 теңге, құс еті 750-850 теңге, балық өнімдері 670-700 теңге аралығында сатылды. Жәрмеңкеге өз өнімдерін әкелген шаруагерлер бағаның базар мен сауда дүкендеріне қарағанда, төмен екенін алға тартады.

j

- Жәрмеңкеге біз сүт, балық өнімдерін әкелдік. Әкімдік бекітіп берген баға бойынша саудалап жатырмыз. Үстінен пайда көріп жатқанымыз жоқ. Әйтеуір құнын ақтайды. Өйткені, қазір Үкімет тарапынан кәсіпкерлерге көп жеңілдіктер жасалуда, - дейді шаруагерлер.

2

Ризабек Жақсыбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы:

- Аудан орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі апта сайын жұма күні, басқа ауылдық округтерде әр аптаның бейсенбі күндері тұрақты өткізіліп келеді. Жәрмеңкелерде сондай-ақ кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар тағамдарды тұтынушыларға (жұмыртқа, күнбағыс майы, сары май, макарон өнімі, еттің кейбір түрі, т.б.) шекті бағамен ұсынуда. Егер олар аталған шекті мөлшерден, яғни, тауарды 15% өсіммен сатса, онда кәсіпкер 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Мәселен, 16 сәуір күні өткен аудан орталығы мен ауылдық округтерінде өткізілген жәрмеңкелерде көкөністер мен жеміс-жидектер, құс еті, балық өнімдері базардағыдан төмен бағамен сатылды.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521