Топ жарған «Толағай» облыстық сайысқа жолдама алды

Исатай ауданындағы бөбекжай-бақшалар арасында аудандық деңгейдегі спорттық-интеллектуалдық эстафета ойындары өтті. 

Аталған шара аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдар бойынша әдіскері Света Борашқызының ұйымдастыруымен "Болашаққа - білімді, дені сау ұрпақ" ұраны аясында он үшінші рет өтіп отыр.

Салауатты өмір салтын насихаттау, бүлдіршіндерді рухани жігерлілікке, адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу, спорттық ізбасарларды қалыптастыру үшін дарынды ойыншыларды табуды да нысана тұтқан эстафетаға 8 бөбекжай-бақшадан 80 бүлдіршін қатынасып, берілген спорттық және интеллектуалдық тапсырмаларды өте қызықты және тартысты орындады.

Нәтижесінде 1-орынды иеленген «Толағай» тобы («Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндер командасы) облыстық сайысқа жолдама алды. 2-орынды «Жүзден жүйрік» тобы («Балдырған» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндер командасы) еншілесе, екі 3-орын «Болашақ» («Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндер командасы) және «Самұрық» топтарына («Өркен» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндер командасы) бұйырды. Сонымен қатар «Құлыншақ», «Айжұлдыз», «Балдәурен», «Ақбота» бөбекжай-бақшалары да балалардың жас ерекшелігіне сай үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті.

Бұл эстафетаны ұйымдастырудағы атап өтерлік жайт спорттық шараға демеушілік жасаған «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы директоры Жұмабеков Асхат Жұмабекұлы мен балалардың жылы әрі кең спорт сарайында еркін ойнап, еркін қимылдауына, ата-аналардың да балаларының ойындарын тамашалауына мүмкіндік жасаған Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Оралбеков Бұрхан Ғалымұлына бүлдіршіндерге деген ағалық қамқорлықтары үшін алғыс сезімімізді білдіріп, облыстық сайысқа баратын «Толағай» тобына толағай табыстар тілеуді жөн көрдік.

Қарлыға ДҮЗБАЕВА,

Исатай аудандық білім бөлімінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521