Тоқтап тұру ережесін бұзған исатайлық жүргізуші айыппұл арқалады

Исатай ауданында тоқтап тұру ережесін бұзған жүргізуші айыппұл арқалады.

Бұл туралы Исатай аудандық полиция бөлімі хабарлады.  

Білгеніміздей, 30 шілде күні кешкі сағат 22:30 шамасында полиция бөлімшесіне әлдебір тұрғынның көлігін Аққыстау ауылы Ынтымақ көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жол бойына қалдырып кеткендігі туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері тоқтап тұру қағидасын бұзған «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөлігін анықтап, көлік жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 597-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, 7657.50 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері мұндай жағдайлардың жол қозғалысының басқа да қатысушылары мен жаяу жүргіншілеріне жайсыздық тудырып қана қоймай, төтенше жағдайларды да жиі тудыратынын еске сала отырып, көлік жүргізушілерін мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521