Торғай өңірінің дамуы – ұлттық мүдде

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ел аймақтарының дамуындағы теңгерім мен әділдікті қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Соның ішінде Торғай аймағының әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне тоқталып, Үкіметке бұл өңірді дамытуға айрықша назар аудару керектігін нақты тапсырды.

Торғай өңірі – тарихи, табиғи және экономикалық мүмкіндіктерге бай, бірақ өз әлеуетін толық іске асыра алмай отырған аймақтардың бірі. Осы жағдайды ескере отырып, мемлекет тарапынан бұл өңірге кешенді қолдау көрсету – уақыт талабы. Инфрақұрылымды жақсарту, жол, байланыс, су және энергия жүйелерін жаңғырту – тұрғындардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, инвестиция тартуға да жол ашады.

Сонымен қатар, бұл өңірде ауыл шаруашылығы мен табиғи ресурстарды игеру мүмкіндіктері жоғары. Жергілікті шаруашылықтарды заманауи техникамен қамтып, аграрлық секторды цифрландыру арқылы өнімділік пен табысты еселеуге болады. Ауыл жастарын жұмыспен қамту арқылы миграцияның алдын алып, өңірдің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік туады.

Президенттің бұл бастамасы – тек Торғайға ғана емес, еліміздің әрбір өңіріне тең мүмкіндік беру қағидасының айқын көрінісі. Егер жүйелі қолдау жалғасса, Торғай аймағы ел экономикасына өз үлесін қосатын серпінді өңірлердің біріне айналары сөзсіз.

 

Ерлан МАХСОТОВ, 

Жанбай ауылының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT