«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/267 бұйрығымен бекітілген қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі:
Тракторларды тіркеу.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы:
«Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:
Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қабылдау:
1) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) портал арқылы – 1 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Тракторларға арналған тіркеу құжатын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері:
Мемлекеттік баждар мен алымдар мөлшері:
- Тракторларды мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт бергені үшін – 0,5 АЕК (1725 теңге);
- Тракторларға мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін бергені үшін – 1 – АЕК (3450 теңге);
- Тракторларды мемлекеттік тіркегені үшін – 0,25 АЕК (862,5 теңге);
Порталда мемлекеттік баждар мен алымдарды төлеу «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі:
- көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен – сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
- порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодеске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
- Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
Тракторларды тіркеу кезінде:
1) Белгіленген нысанға сәйкес өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 386-бабына сәйкес тракторларды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат;
6) Тракторларға меншік құқығын растайтын құжаттар;
7) Тракторларды бастапқы тіркеу кезінде ‒ сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі («Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және оларға арналған тіркемелердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 30 (бұдан әрі – № 30 Шешім) және «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 (бұдан әрі – № 6 шешім) шешімдеріне сәйкес).
- Порталға жүгінген кезде:
Тракторларды тіркеген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ‒ ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 386-бабына сәйкес тракторларды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын электрондық құжат;
3) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) тракторларға меншік құқығын растайтын құжаттар;
5) тракторларды бастапқы тіркеген кезде ‒ сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі (№30 шешімге және №6 шешімге сәйкес).
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (өкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.
Қуандық Мағазов
аудандық кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы