Тұрақты дамудың тірегі – әділдік

 

Қазақстан Президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен көтерген мәселелері – бүгінгі әлемнің ең өзекті түйткілдерін дөп басқан сындарлы көзқарас. Шын мәнінде, халықаралық құқық қағидаттарының әлсіреуі тек қана саяси қайшылықтарды тереңдетіп қоймай, бүкіл адамзатқа ортақ экономикалық және гуманитарлық дағдарыстарды ушықтырып отыр. Сауда тізбегінің үзілуі, азық-түлік қауіпсіздігінің шайқалуы, инфляцияның өсуі – мұның бәрі қатардағы халықтың тұрмысына ауыр салмақ түсіреді.

Президент атап көрсеткендей, бүгінде миллиондаған адам босқынға айналып, миллиардтаған адам кедейлікте өмір сүруде. Бұл – жаһандық ынтымақтастық пен сенімнің дағдарысқа ұшырағанының айқын дәлелі. Егер мемлекеттер халықаралық құжаттардағы міндеттемелерді өз мүддесіне қарай бұза берсе, адамзаттың болашағына деген сенімнен айырылу қаупі артады.

Осы орайда Қазақстанның БҰҰ Жарғысының қағидаттарына берік екенін тағы да нақты жариялауы – уақытылы әрі қажет мәлімдеме. Бұл елдің бейбітшілік пен тұрақты даму жолындағы ұстанымын айқындай түседі. Әлем жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырған шақта, халықаралық құқықты сақтап, әділдік пен сенімді қайта қалпына келтіру – барша елдің ортақ жауапкершілігі.

 

Актоты Балмулдина
Аққыстау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT