Тұрақтылық пен қауіпсіздік – берекелі болашақтың кепілі

 

Президенттің Жолдауында айтылғандай, қазіргі әлемдегі геосаяси шиеленістер, экономикалық дағдарыстар мен түрлі жаһандық қауіп-қатерлер жағдайында мемлекеттің басты мақсаты – елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және ұлттық қауіпсіздікті қорғау. Бұл – тек стратегиялық бағыт қана емес, әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер ететін аса маңызды міндет.

Тұрақтылық – қоғам дамуының негізі. Елде тұрақтылық пен тәртіп сақталғанда ғана экономиканың барлық секторы дұрыс жұмыс істейді, халықтың әл-ауқаты артады, әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асады. Ал қауіпсіздік – осы тұрақтылықтың басты кепілі. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қауіптерге дер кезінде жауап беріп, ұлттық мүддені қорғауы – егемендіктің және ел бірлігінің айғағы.

Президент атап өткендей, тұрақты даму – бұл тек экономикалық көрсеткіштер емес, ол – халықтың күнделікті өмірінің жақсаруы, сапалы білім мен медициналық қызметке қол жеткізуі, жұмыс орындарының артуы, инфрақұрылымның дамуы. Осындай даму жолы сенімді болса, халықтың мемлекетке деген сенімі артады, елдің ішкі бірлігі беки түседі.

Сондықтан бүгінгі алмағайып заманда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Бұл жолда баршамыз жұмыла әрекет етіп, еліміздің жарқын болашағы үшін біріге еңбек етуіміз қажет. Президенттің бұл бастамасы – ел болашағына деген терең жауапкершіліктің көрінісі.

 

Нұрдәулет АТЕЛОВ,

Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT