ТӘРБИЕНІҢ ТЕТІГІ — ӘКЕДЕ

 

Өткен аптада аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен маңызды жиын өтті.  Аудандық жастар ресурстық орталығында өткен бұл басқосу білім беру ұйымдарындағы әкелер кеңесі төрағалары мен мүшелерінің қатысуымен болды. Көшпелі кеңес отырысы «Әкенің 11 бағдары» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын дәріптеу мәселелеріне арналды.

Жиынға облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығының тәрбие бөлімінің бас маманы Зина Керейқызы мен облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Шота Қуанышұлы арнайы шақырылып, қатысушылармен ашық пікір алмасып, жобаның мақсат-міндеттері, қазіргі таңда атқарылып жатқан шаралар мен алда тұрған жоспарлар жөнінде кеңінен тоқталды.

 

 

Кеңес барысында білім беру ұйымдарында әкелер кеңестерінің жұмысын жүйелі жолға қою, оларды мектеп өміріне белсенді араластыру, жасөспірімдердің тәртібі мен жауапкершілігіне қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар «Әкенің 11 бағдары» жобасы аясында атқарылатын практикалық жұмыстар мен тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың жоспары нақтылаудан өтті.

 

 

Кездесу соңында кеңес мүшелері тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға мамандар мазмұнды әрі нақты жауаптар беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар мұндай жобалар отбасындағы әке рөлін нығайтып қана қоймай, жас ұрпақ бо-йында ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

Осындай бастамалар қоғамдағы тәрбие мәселесіне әкелердің белсенді араласуын қамтамасыз етіп, олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Бұл — ұлт болашағының жарқын болуына негіз болар маңызды қадам.

 

 

Іңкәр Кеңесқызы,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT