Төрге озған төл теңгеміз

 

Бүгін – Ұлттық валюта – теңге күні. Қазір Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні ретінде де мерекеленетін бұл күні тәуелсіздігіміздің нышаны – төл теңгемізге 32 жыл толады. Осыдан тура осынша уақыт бұрын 15 қараша күні төл теңгеміз айналысқа түскен. Бұл күн - мемлекеттігіміздің мәртебесі тағы бір дәлелденіп, абыройымыз асқақтап, өзгенің емес, өз ұлттық ақшамызды қолға ұстап, қуанған күніміз.

 Сол бір күннің еректігі туралы сол сәттерден бастап жыл сайын аталып өтіп келе жатқан мерекелі күндері әлденеше рет айтылып та, жазылып та жүр. Осы уақыт бедерінде теңгеміздің кескіні сан рет өзгеріп, басқа валюталарға шаққанда құны да сан құбылды. Елдігіміздің белгісі, егемендігіміздің бір тірегі болған ұлттық валютамыздың құны теңдессіз деп түсіндік. 

Осыдан кейін осы жолғы мерекелі сәтте төл теңгеміздің атауына үңіліп, оның өмірге келуінің кейбір қырлары мен сырларына қатысты деректерге жүгініп көргенді артық демедік. Қазақ тілінде ақша атауларына байланысты қандай сөздер бар, олардың түп-төркіні қандай? Валюта ретінде неге «теңгені» таңдадық? Ақша атауларына қатысты осы және өзге де қызықты жайттарға назар қойдық.

Теңге ұлттық валюта болып бекітілгенге дейінгі өткен тарихымызда сом, пұл, манат, динар, ділдә және тағы басқа ақша атауларын қолданып келгеніміз белгілі. Солардың ішінде күні кешеге дейін «сом» термині қазақ тілінде «жүз тиынға тең ақша, рубль» мағынасында қолданылып келгенін, алайда кейін қолданыстан қалғанын мамандар да нақтылап айтады.

 
-Оған себеп те жоқ емес, өйткені тәуелсіздігімізді жариялағанда біз көптеген ақша атауларының ішінен мың жылдық тарихы бар төл сөзіміз «теңгені» таңдадық. Ал бауырлас елдер Қырғызстан мен Өзбекстан ұлттық валюта ретінде рубльдің балама атауы «сом» терминін қалдырды. Түрікменстан мен Әзербайжан парсы тілінен кірме сөз манатты алса, Түркия итальянша лира сөзін қолдануды жалғастырды,-депті тіл маманы Мәрлен Әділов бір сұхбатында.

 
Оның айтуынша, теңге сөзі көне түркі тіліндегі дөңгелек мағынасындағы «теңерек» сөзімен төркіндес. Бірақ түбі «тең» сөзіне барады. Алтын Орда дәуірінде, тіпті орыс тіліне тенька, деньга болып кіріп, көршілеріміз әлі күнге дейін оны деньги деп пайдаланып келеді.

 

Жалғасы газеттің №45 (4258) санында

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT