«AMANAT» партиясы аудандық филиалында аудан әкімі Нұрым Мусин аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жалпы, биылғы жылғы он ай ішінде тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдауға 152 өтініш тіркеліпті.
Тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым бөлігі тұрғын үй мәселесі, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, коммуналдық мәселелерге қатысты болды. Қоғамдық қабылдау кезінде оларға заңдылық шеңберінде түсініктер беріліп, шешілуі тиіс мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар жүктелген. «AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасы Едіге Досқалиевтың айтуынша, тұрғындармен кездесуде 73 өтініш (48%) оң шешімін тапса, 79 мәселе бо-йынша заң аясында түсінік берілген (52%). Осы қабылдау нәтижесінде Тұщықұдық ауылы тұрғынының өтініші бойынша мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен және халықтың қолдауымен бас-пана сыйлаған. Одан бөлек, «Мектепке жол» акциясы бойынша тұрмыстық жағдайы төмен немесе аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына депутаттар үнемі қаржылай қолдау көрсетіп, көмектесіп келеді. Филиал төрағасы кейбір тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларына газ және су құбырын тартып беруде жергілікті белсенді азаматтар мен жеке кәсіпкерлердің де көмегі аз тиіп жүрмегенін тілге тиек етті.
Сағыныш ҚАЙЫР