Тұрғындарға тегін құқықтық көмек берілді

Суреттер автордікі

 

Елімізде дәстүрге айналған «Халық заңгері» республикалық акциясы биыл да  өз жалғасын тапты. Бүгін осы аталмыш акция аясында Исатай ауданының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетіліп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер берілді.

Шараның басты мақсаты — халықтың құқықтық мәселелерін шешуде қолдау көрсету, сондай-ақ, тұрғындарға өз құқықтары мен міндеттері туралы нақты әрі түсінікті ақпарат беру. 

 

 

Аталған акция аясында облыстан да арнайы келген тәжірибелі  жеке сот орындаушы Гүлнұр Мұқатанова, адвокат Жарас Сұлтанғалиев сонымен қатар аудан прокурорының орынбасары Жақсылық Сикимов, аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Думан Нұрмұханбетов,  заңгер Бауыржан Балмағамбетов, Исатай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бөлім басшысы Нұржан Қабулов, нотариус Менсұлу Сулейменова, аудандық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жеңісбек Абежанов және де «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының Исатай аудандық бөлімінің ХҚК бойынша реттеу залының басшысы Әсел Қадыржанова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Жұмалиева және де  мансап орталығының директоры Бақытгүл Сапарғожиевааудан тұрғындарын қабылдады.

–Бұл акция халықтың құқықтық көмекті еркін әрі тегін алуына мүмкіндік береді. Әсіресе, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы отбасылар үшін бұл шара өте маңызды,-дейді акция ұйымдастырушыларының бірі әрі аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөлімінің басшысы Қуандық Мағазов.

 

 

Кеңес алу үшін келген тұрғындар өздерінің азаматтық, еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік қамтамасыз ету, алимент, жер қатынастары секілді түрлі құқықтық мәселелері бойынша мамандардан нақты жауаптар алды.

–Мені талай жылдан бері шешімін таппаған мәселем бойынша кеңес әрі көмек сұрап бүгінгі әлеуметтік акцияға келдім. Өзім қарапайым жұмысшымын, жекеменшік көлігім бар.Бірақ оны бір мердігер мекемеге арендаға жалдай отырып, жұмысқа орналасқанмын. Десе, сол еңбекақымды әлі күнге дейін ала алмай, сан соғып қалғаным бар. 2023жылдан бері осы мәселе аясында талай жерге барғанмын. Шешімі табылар емес. Бүгін қаладан келген авдокат пен заңгер кеңесі арқылы не істеу керектігін біліп, жол көрсетілді.Сондай-ақ, өздерінен хабарын күтуін қаперге берді. Осындай тегін көмек көрсетіліп жатқанына алғысым шексіз,-дейді аққыстаулық тұрғын Бақберген Калимов

 

 

Айта кету керек, «Халық заңгері» акциясы еліміздің барлық өңірлерін қамтып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT