Тұщықұдық ауылдық округі әкімін сайлау басталды

Сурет автордан

Бүгін Тұщықұдық үшін маңызды күн. Себебі таңғы сағат 7:00-де Тұщықұдық ауылында маңызды саяси оқиға – ауылдық округ әкімін сайлау басталды.

№131 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жасұлан Алипов бұл күннің ауыл үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына сәйкес, ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлауы – Мемлекет басшысының билік пен халық арасын жақындатуға бағытталған маңызды қадамы. Бұл ауыл тұрғындарының өз болашағын өзі таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл саяси мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтуға жол ашады,– дейді ол.

Оның айтуынша, Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты сайлаушылардың дауыс беруі үшін үш сайлау учаскесі бар. №131 сайлау учаскесінде 1430 сайлаушы тіркелген, ал 14 тұрғыннан үйден дауыс беруге өтініш түскен.

Ауыл әкіміне үміткер үш кандидаттың арасынан тұрғындар өз таңдауын кешкі сағат 20:00-ге дейін жасайды. Бұл шешім ауылдың алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды қадам болмақ.

 

Сағыныш Сайлаубайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT