Бүгін таңғы сағат 07:00-ден бастап ауыл көлеміндегі барлық сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты №131 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып, аудан тұрғыны Сатан Камиев дауыс беріп, сыйлыққа ие болды.
Ол бұл сайлаудың маңыздылығын түсініп, сайлауға ерекше ұмтылыспен қатысып жатқандығын айтады. “Еліміз үшін маңызды күнде менде қалыс қалмай, өз даусымды беруге келдім. Себебі, бұл әрбір қазақстандықтың міндеті”,- дейді ол.
Сағыныш Сайлаубайқызы