Тұщықұдық ауылында дауыс беру аяқталды

Бүгін Тұщықұдық ауылында өткен әкім сайлауында дауыс беру рәсімі аяқталды. Ауылда орналасқан 3 сайлау учаскесінде жалпы саны 3199 сайлаушы тіркелген.

Саяси науқанға ауыл тұрғындары белсене қатысып, өз учаскелеріне келіп, дауыс беру құқығын пайдаланды. Әрбір тұщықұдықтық азамат ауыл әкімін сайлауда өз таңдауын жасады.

Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санау жұмысын бастады. Сайлау қорытындылары алдағы уақытта ресми түрде жарияланатын болады.

 

 

Сағыныш ҚАЙЫР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT