ТШО-ға қызметке 69 исатайлық құжат тапсырды

Исатай ауданының орталығында «Теңізшевройл» ЖШС-нің өндіріс қуатын кеңейту жобасы аясында жиын өтті.

Мақсаты - жұмыссыз азаматтарды мамандықтары бойынша оқуға шақыру. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада, ағаш сатылы монтаждаушы, құрылыс конструкциясының дәнекерлеушісі, темірбетонды конструкция монтаждаушы, құбырмонтаждаушы, электромонтаждаушы, бақылау-өлшеу құралдарының автоматикасы және жұмысшы (оқшаулаушы, арматуршы, бетоншы) мамандықтарының тізбегі бар.

Аталмыш жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Абилхасимов ашып, болашақ маман иелеріне сәттілік тіледі. Қатысқан 69 үміткер алдын – ала әрбір мамандық бойынша тест тапсырып, құжаттарын ұсынды. ТШО өкілдері жақсы нәтише көрсеткен азаматтарды оқуға шақыру туралы хабарлама беретіндігін айтты.

Г.ЖАЛБИРОВА,

Исатай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521