Цифрландыру – ауыл өмірін жаңғыртудың кілті

 

Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні жаппай енгізу және елді цифрландыру туралы айтқан бастамасы – уақыт талабына сай аса маңызды қадам. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы бүгінде экономиканың, білімнің, басқару жүйесінің, тіпті ауыл өмірінің де ажырамас бөлігіне айналып отыр.

Президентіміз атап өткендей, «Digital Qazaqstan» атты тұжырымдамалық құжат елдің стратегиялық бағытының басты өзегіне айналуы тиіс. Бұл бастама ауылдық округтер үшін де үлкен мүмкіндік. Цифрландырудың игілігі – мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, ауыл шаруашылығын тиімді басқару, жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсарту.

Біздің Аққыстау ауылдық округінде де цифрлық жүйелерді енгізу бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандырып, ел Президенті жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесімізді қосамыз.

 

 

Қуаныш Тахаев,

Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT