Президенттің жолдауында атап өтілгендей, қазіргі кезеңде экономиканы жаңғыртудың негізгі тетігі – цифрландыру мен жасанды интеллектті кеңінен қолдану болып отыр. Мемлекет басшысы бұл бағытта нақты міндеттер қойып, инновациялық технологияларды өндіріс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларына енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Цифрландыру мен жасанды интеллекттің кеңінен қолданылуы тек экономиканы жаңғыртып қана қоймай, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік үшін тиімді ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллектті тиімді пайдалану мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, шешім қабылдау процесін жылдам әрі сапалы етуге жағдай жасайды.
Бұл бастамалар Қазақстанның инновациялық дамуы мен технологиялық трансформациясына жаңа серпін беріп, қоғамның барлық саласында тиімділікті арттыруға жол ашып отыр.
Бақыт АХМЕТОВА,
зейнеткер
Зинеден ауылы