Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналуы тиіс. Мемлекет басшысы бұл міндетті елдің даму стратегиясының өзегіне айналдыру қажеттігін атап өтті.
Президенттің сөзінде көрсетілгендей, цифрландыру тек мемлекеттік басқару саласында ғана емес, сонымен қатар экономика, білім, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде толық жүзеге асуы қажет.
Ел Президенті баса айтқандай, қысқа мерзім ішінде нақты қадамдар жасалса, Қазақстанның барлық саласының тиімділігі бірнеше есеге артады.
Осылайша, үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналу – елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің басты кепілі болмақ.
Айгүл АДИЛОВА
Зинеден ауылдық округі әкімі