Цифрлық инфрақұрылымға жаңа серпін

 

Мемлекет басшысының Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдауы еліміз үшін инвестициялық және инфрақұрылымдық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін береді. Президенттің компанияның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қызығушылығын, сондай-ақ цифрлық платформалар мен технологиялық экожүйелер саласындағы тәжірибесін атап өтуі Қазақстанның экономикасын әртараптандыру және көлік-логистика инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы маңызды қадам болып отыр.

Сондай-ақ, Әзербайжан мен Армения арасындағы тарихи келісімнің Орта дәліздің сауда мүмкіндіктерін арттыратыны және соңғы бес жылда транскаспий дәлізі арқылы тасымалданған жүк көлемінің алты есе өсуі еліміз үшін стратегиялық маңызға ие екені ерекше атап өтілді.

Бұл кездесу Қазақстанның халықаралық инвестициялық тартымдылығын арттыру мен жаңа экономикалық жобаларды іске асыруға тың серпін береді.

 

Назым ИДИРИСОВА,

Исатай аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT