Цифрлық Қазақстанның тірегі - білімді жастар

 

Al-Sana бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тарту бастамасы – еліміздің инновациялық дамуына серпін беретін үлкен қадам. Қазіргі таңда технология мен цифрлық трансформация барлық саланың өзегіне айналып отыр. Сондықтан жастардың осы бағыттағы жобаларға ерте араласуы – олардың болашақтағы кәсіби жолын айқындауға, тәжірибе жинақтауға және шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

Бұл бастама тек білім беру саласымен ғана шектелмей, жалпы ұлттық деңгейдегі ғылыми-технологиялық прогреске әсер етеді. Студенттер нақты жобалармен жұмыс істей отырып, теориялық білімін практикамен ұштастырады, инновациялық ойлауы қалыптасады. Сонымен қатар, бұл қадам стартап жобалардың дамуына, IT саласына қызығушылар санының артуына және жалпы елдегі зияткерлік әлеуеттің өсуіне ықпал етеді.

Осындай ауқымды бағдарламалар арқылы білім мен технологияның өзара байланысы нығайып, еліміздің бәсекеге қабілетті мамандарын дайындауға нақты негіз қаланады. Al-Sana — тек жобалар ғана емес, болашаққа бастар жол.

 

Асылан ҒҰБАШ,

Исатай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT