Цифрлық серпіліс - дамудың жаңа бағыты

сурет ғаламтордан

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: Өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Мемлекет басшысы қазіргі замандағы ең өзекті мәселелердің бірі – цифрландыру мен жасанды интеллектті тиімді қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыру міндетін нақты көрсетті.

Цифрлық даму жолындағы оң өзгерістерді қолдаушы ретінде бұл еліміз үшін игі бастама деп есептеймін. Қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен автоматтандыру жүйелері әртүрлі өндірістің тиімділігін арттырудың басты тетігіне айнала білді. Президентіміз атап өткендей, жасанды интеллект тек экономиканың емес, білім, денсаулық сақтау және экология сияқты барлық салалардың дамуына серпін береді. Бұл – жаңа мүмкіндіктердің дәуірі. Біз әрқайсымыз осы өзгерістерге белсенді қатысып, ел дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Мен Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдай отырып, еліміздің цифрлық болашағына сенемін. Бірлесе еңбек етіп, жаңа технологиялар дәуірінде Қазақстанды дамыған елдердің қатарына қосамыз деп сенемін.

 

Жұмажанов Мадияр Дәулетқалиұлы
«Батыс Тех Инвест» ЖШС Аккыстау учаскесінің диспетчері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT