Цифрлық теңге – Қазақстан экономикасы үшін жаңа қаржылық құрал ғана емес, сонымен қатар экономикалық тиімділікті арттырудың, қаржылық жүйені жетілдірудің маңызды тетігі болып табылады. Оның енгізілуі республикалық және жергілікті деңгейдегі бюджеттердің ашықтығы мен бақылауын күшейтіп, қаржыны басқару процесін жеңілдетеді.
Сонымен қатар, цифрлық теңге мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың бюджеттік шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл – мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ететін заманауи шешім.
Қазіргі заманның қарқынды өзгеріп жатқан талаптары жағдайында криптоактивтерді дамыту өзекті мәселеге айналды. Цифрлық активтер – бұл тек балама қаржы құралы ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарықта инновациялық және бәсекеге қабілетті өнім болып табылады. Олар арқылы қаржылық операцияларды автоматтандыру, қауіпсіздігін арттыру және жылдамдығын қамтамасыз етуге болады.
Цифрлық теңге мен криптоактивтерді дамытудың кешенді шаралары ел экономикасының сандық трансформациясын жеделдетеді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның қаржылық технологиялар саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.
Ерболат МАХАШОВ,
Аққыстау ауылдық округінің әкімі

