Цифрлық жүйе мен сапа – құрылыс саласының болашағы

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауында құрылыс саласына ерекше тоқталып, бұл бағытта сапаны арттыру мен жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.  

«Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан тұрғын үй құрылысы саласына айрықша назар аударған жөн. Былтыр 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Сонымен бірге құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларының (Building Information Modeling, BIM) көмегімен ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін кеңінен қолдану керек.

Үкімет құрылыстың барлық кезеңдерін толық есепке алуды, жоспарлауды, оған мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық платформаны іске қосу қажет. Ал жаңа Құрылыс кодексі осы саланың қауіпсіз әрі ашық болуына және тұрақты дамуына жол ашатын берік заңнамалық негізге айналуға тиіс» -деген ол бұны  уақыт талабынан туындаған қажеттілік екендігін тілге тиек етті.

Жолдауда айтылған ұлттық цифрлық платформаны іске қосу – барлық құрылыс кезеңдерін жоспарлау, бақылау және есепке алуда жүйелілік орнатуға мүмкіндік береді. Бұл құрылыс саласындағы тәртіп пен ашықтықты арттырып қана қоймай, халықтың сенімін нығайтады. Жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануы да саладағы реформалардың нақты құқықтық негізі болмақ. Ол қауіпсіздік талаптарын күшейтіп, тұрақты дамуға жол ашады. 

 

Алтынбек ҚУАНҒАЛИ
Исатай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT