Төтенше жағдайлардың алдын алу – әр азаматтың міндеті

 

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі. Әсіресе өрт қаупі, мұз үстіндегі қауіпсіздік және су тасқыны кезеңінде сақтық шараларын қатаң сақтау аса маңызды.

Өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үйлерде және жұмыс орындарында электр құралдарын дұрыс пайдалану, ашық отты бақылаусыз қалдырмау, балалардың сіріңке мен оттыққа қол жеткізбеуін қадағалау қажет. Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау керек.

Мұздағы қауіпсіздік

Қыс мезгілінде өзен-көлдердегі мұздың беріктігіне көз жеткізбей, үстіне шығуға болмайды. Жұқа мұз әсіресе күн жылынған кезде қауіпті. Балаларды мұз үстіне жалғыз жібермеу, балық аулау кезінде құтқару құралдарын пайдалану маңызды.

Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Көктемгі су тасқыны кезінде су басу қаупі бар аумақтардан уақытылы қауіпсіз жерге көшу қажет. Электр желілерінен, ағынды судан аулақ болу, құтқару қызметінің ескертулерін қатаң сақтау – басты талап.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы біз өзімізді және жақындарымызды төтенше жағдайлардан қорғай аламыз.

 

Исатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT