ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТӘУ ЕТКЕН ЖЫР КЕШІ

16 желтоқсан–Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  аудандық музейде «Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан» тақырыбында жалпы білім беретін аудан мектептерінің оқушылары арасында жыр мүшәйрасы өтті. Мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, еркін елдің бүгінгі ажары мен ертеңгі жарқын келешегін, кешегі алапат күресін тебірене жырға қосу,ұлттық нышандарға құрметпен қарауға шақыру.

 Тағылымы мол жыр мүшәйрасына жалпы білім беретін аудан мектептері атынан Аққыстау орта мектебі және Өркен орта мектеп оқушылары қатысып, өзара сынға түсті. Жыр мүшәйрасын жас ақын Н.Мұратов, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Н.Мардашқызы және де аудандық музей меңгерушісі Г.Жұбанова сайысқа төрешілік етті. Әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар анықталып, сайыс қорытындысы бойынша мүшәйрада ерекше суырылып көзге түскен ІІІ орын Аққыстау орта мектебінің оқушысы Елназар Тілекқабылға бұйырса,  ІІ орын Өркен орта мектебінің оқушысы Нұрбала Амангелдінің   еншісіне тиді, ал жарыстың жүлделі І орыны Аққыстау орта мектебінің оқушысы Бану Өтепқали марапатталды. Барлық қатысушыларға музей әкімшілігі атынан дипломдар мен естелікке кітаптар табысталды.

 

Гүлмарал Жұбанова,

аудандық музейінің

меңгерушісі      

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT