Туған күн иесі таңдау жасады

Тұщықұдық ауылында №131 сайлау учаскесінде туған күн иесі таңдау жасады. Зейнеткер Ғилаж Сапарғожиев бүгін 69 жасқа толып отыр.

Ақсақал бұған дейін бірнеше сайлауға қатысқан, бірақ бұл сайлаудың жөні бөлек екенін айтады.

-Соңғы кездегі елімізде болып жатқан өзгерістер көңілімнен шықты. Президенттің 7 жыл мерзімге бір рет қана сайлануының өзі – үлкен жаңалық. Сол үшін өз дауысымды беріп, үлесімді қоссам деп келдім. Бастысы, елімізде тыныштық болсын,-дейді зейнеткер.

Аталған сайлау комиссиясының төрағасы Жасұлан Алипов туған күн иесін құттықтап, естелік сыйлық табыс етті. Айта кетейік, бұл учаскеге тіркелген тағы да 4 туған күн иесі бар екен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521