Исатай ауданында «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасы өтті

Атырау облысы полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, 2023  жылдың 25-28 қаңтар күндері Исатай ауданында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алу және болдырмау, оларға алкогольдi iшiмдiктер мен темекі өнімдерін сатуды, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуын, оған қоса суық қаруды еркін алып жүруін болдырмау. Жедел-профилактикалық шара кезінде аудандық полиция бөлімінің (АПБ) жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) бөлімшесі мен білім саласының өкілдері бірлесе жұмыстар атқарды.

Аудандық полиция бөлімінің  мәліметіне сүйенсек, шара барысында бөлімге 16 жасөспірім жеткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі  сағат 23:00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерлерде жүргені үшін бөлімге 15 жасөспірім әкелініп, олардың ата-аналарына хаттама жасақталып, ескерту берілген.

-Жедел іс-шара кезінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауданның барлық ауылдық округтеріне рейдтік шара жүргізілді. ІІО-ның есебінде тұрған 12 қолайсыз отбасы мен олардың тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған балалары тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексеріліп, құқықтық сауаттылығын арттыру, демалыс орындардағы қауіпсіздік ережелері сақтау, өрт қауіпсіздігінің алдын алу бағытында профилактикалық сұхбаттар жүргізілді. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастаған 1 жасөспірім анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен хаттама толтырылып, 8625 теңге айыппұл салынды. Бөлімнің БДБ-ның арнаулы профилактикалық «Жайсыз отбасы» есебіне 144-санатпен 1 отбасы есепке алынды.

Бұл барлау балалардың қауіпсіздігі үшін екенін ескерген абзал. Жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жалғыз өзі себепсіз жүр­меуін ата-аналар қатаң түрде қа­даға­лауы шарт. Аталмыш рейд жеткіншектерді  әртүрлі заң бұзушылықтан сақтайтынын ес­тен шығармаған жөн,-дейді Исатай АПБ ЖПҚб ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Айсұлу Телеубаева.

17ae0c18-38d0-491a-a6b7-28a9b38da747

Сондай-ақ, жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінде Исатай ауданы прокурорының көмекшісі Жандос Қайдаров пен полиция майоры А.Телеубаева 8-11 сынып оқушыларымен кездесіп, профилактикалық түсінік жұмыстарын жүргізді. Онда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жасөспірімдерге электронды темекі өнімдерін сату мен тыйым салынған уақытта алкогольдік өнімдердің сатылуына жол бермеу, ұсақ құқық бұзушылықтарды болдырмау, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде түсіндірілді. Сондай-ақ оқушылардың сауалдарына мамандар жауап берді.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521