Тұрғындар алаяқтардан зардап шегуде

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде ауданның 8 тұрғыны алаяқтардың құрбаны болып, оларға 2,5 млн шығын келтірілген.

Барлық алаяқтық қылмыстары әлеуметтік желілері немесе ұялы телефондарға қоңырау шалу арқылы жасалған.

Мысалы алаяқтар әлеуметтік желілерде сауда жасау және қызмет көрсету жөнінде жалған хабарландыруларды жариялап, тұрғындардың жеке мәліметін сұрау арқылы (ЖСН, банк картасының номірі, кұпия сөзі, CVV-код) онлайн несиелерді рәсімдеп, карталарынан қаражаттарды өз есеп шоттарына аударып, кейбір жәбірленушілер оларға сеніп өздері банктердің қосымшалары арқылы қаражаттарды алаяқтардың есеп-шоттарына жіберуде.

Алаяқтардың арбауына түспеу үшін:

- жеке құжаттағы мәліметтер мен банк картасындағы мәліметтерді (CVV-код, құпия сөз), аударымдар туралы квитанцияларды, кодтар мен құпия сөздерді бөгде адамдарға бермеу;

- жеке деректерді тексерілмеген сайттар мен басқа да желілерде банк картасындағы мәліметтерді (CVV-код, құпия сөз) енгізбеу;

- интернеттен күмән туғызатын қосымшаларды ұялы телефонға жүктемеу;

Исатай ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521