Тұрғындар үстел үсті ойындарынан сайысқа түсті

Х.Ерғалиев ауылында ересектер арасында үстел үсті ойындарынан сайыс өтті.

Шараға ауыл әкімі, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Мусин және ауыл тұрғындары қатысты.

r

- Бұған дейін де ауылымызда осындай спорттық жарыстар өтіп жүр. Жақында өткен әзілкештер ойындарында да ауыл жастары көптің көңілін көтерген. Ал бүгінгі ойын шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ шеберлеріне арналды. Қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді Қамысқала ауылдық округінің әкімі Рафиғат Тәжиденова шараның ашылуында сөйлеген сөзінде.

Жарыс қорытындысында шахмат ойыны бойынша А.Жалекеев, Б.Меңдекенова, Э.Тұрсынғалиұлы үздік деп танылса, дойбы ойынынан Н.Ғайнеденов, Э.Тұрсынғалиұлы, А.Жалекеевтер жүлделі орындарға ие болды.

marapat-ustel-o

Ал, А.Жұмабаев, Н.Ғайнеденов және М.Манаповтар ойынға белсене қатысқандары үшін марапатталып, барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар ұсынылды.

Ерғанат Самиғоллаев,

Қамысқала ауылдық округі әкімі аппаратының спорт әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521