Тұрғындардың басты мәселесі баспана болып тұр

Әр аптаның жұма күні аудандық кітапханада өткізілетін аудан әкімінің ашық есік күніне келушілер қатары әлі де сиректеу болып тұр.

Кейбірімізге, шыны керек, әкімнің алдына аяқтай келіп, мәселені басшылардың алдына қойып, істің байыбына барудың орнына үйде отырып телеграмм чатына аты-жөні белгісіз бүркеншік атпен біреулерден естіген шикі ақпарлар мен беймағлұм мәліметтерді жібере салған оңайырақ.

Күні кеше өткен ашық есік күні шарасына да небары ауданның үш тұрғыны келіп қатысса, бәрінің де бас қайғысы баспана болды. Барлығына да заң шеңберінде жауап берген аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан бірқатар тұрғындардың мәселесін сол жерде шешіп, кейбіріне қатысты салалық мекеме басшыларына тапсырмалар берді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521