Тұрғындарға төмен бағамен өнім ұсынып отырмын

Президент өз Жолдауында жеке кәсіпкерліктің жетекші рөл екендігін және әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу туралы айтқан болатын.

Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамытудың қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін «Өнеркәсіп саясаты туралы» бірізді заң әзірленуін, елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруды ұсынды. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметке шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді.

Өзім жергілікті тұрғындарды бірінші қажеттіліктегі өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік орган теңгеріміндегі ғимаратты қойма ретінде пайдаланып, төменгі бағамен ұсынып отырмын. Алдағы уақытта да тұрақтандыру қоры арқылы төменгі бағамен аудан тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлерімен қамту жоспарда бар. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулармен жергілікті әр тұрғын қамтамасыз етілуге құқылы және сол қолдау шеңберінде кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосуы тиіс.

Тағы бір маңызды мәселе, Жолдауда алдымыздағы жылдан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жойғанымен, жеріміз шетелдіктерге сатылмайтыны, Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеп, аграрлық секторға инвестиция тарту қажеттігі баса айтылды. Осы орайда айта кететін жайт, ауыл шаруашылығы саласына ин-вестиция құйып, саланы дамытуға ниеттенген кез келген тұрғынға мемлекет тарапынан бірқатар қолдаулар мен жеңілдіктер қарастырылған.

Самат ЕСЕНОВ,

«Беріш» шаруа қожалығының жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521